jasqazaq.kz

Алматы саябағының бірінде кенеге ұқсас жәндіктер өріп жүр

24 мамыр 2018, 16:02

Алматы саябағының бірінде кенеге ұқсас жәндіктер қаптап жүргені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, Алматы тұрғыны кешкі серуен кезінде саябақтағы орындықтардың бірінен кенеге ұқсас жәндіктерді суретке түсіріп алған. «Кеше кешкісін балаларыммен Тимирязев бойымен серуендедік. Ботаникалық саябақтағы орындықта жыбырлап жүрген кенеге ұқсас жәндіктерді көрдік. Абай болыңыздар»,-делінген оның жазбасында. Осы келеңсіз жағдайға орай, қоғамдық денсаулық сақтау департаментіне хабарласқан едік. «Ботаникалық саябақ жеке құрылымға жатады. Бұл жерді жауапты иелер өз қаржысына өңдеуі керек. Ал қалған әкімдік қарамағындағы саябақтарды мемлекеттік тапсырыспен сәуір айында тазаладық. Ботаникалық саябақ туралы анықтадық. Олар осы жақын арада зиянкестерді жою жұмысын жүргізетін болады»,-деді қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен