jasqazaq.kz

Алматы-Өскемен тас жолында 18 автокөлік соқтығысты (Видео)

15 қантар 2025, 9:46

15 қаңтар сағат 07:30 шамасында “Алматы-Өскемен”  тас жолының 28 шақырым учаскесінде  (Алматы-Қонаев бағытында) 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Оқиға қалың тұман кезінде болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Қазавтожол мәліметінше, Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы салдарынан аталмыш оқиға орын алды.

«Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, 6 жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда жол бойынан 18 көліктің 16-сы шығарылды. Екі көлік бөлгіш жолақтың бойында эвакуатор қызметін күтуде.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Специально для крис п | @kris_p_almata (@kris_p_almata)

 

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет