Алматының сегіз ауданының жас спортшылары республикалық додада өз мектептерінің намысын қорғады. Қатысушылар футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, шахмат, үстел теннисі, баскетбол мен тоғызқұмалақ ойындары бойынша бақ сынасады. Шараға барлығы 264 оқушы қатысқан.
Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобалардың дамыту қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар мен стратегилар қоры» іске асырады. Бұл тарапта ұйымдастырушылар іс-шаралардың ретімен таныстырып өтті.
“SportFEST Kazakhstan” – бқл ең ауқымды республикалық балалар спартакиадасы. Ерекшелігі қатысушылар спорттық жетістіктерге ие емес және ешқандай спорттық атақтары жоқ. Осы уақытқа дейін еліміздің 11 аймағына барып қайттық. Жалпы 6000 мыңға жуық қатысушы қамтылмақ. Ал 2018 жылдың мамырына дейін бұдай шаралар еліміздің тағы 5 аймағында іске асырылады. Сонымен қатар ақытқ мәреге өткен оқушылар Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ауқымда бағдарламаға толы іс-шараға қатысады» — дейді «Коммуникативтік бастамалар мен стратегилар қорының» Бас директоры Айбек Қазығұлов.
Айта кетері, ешбір қатысушы сыйлықсыз қайтқан жоқ. Спортшылардың барлығына да сертификаттар ұсынылып, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар олар спартакиаданың келесі кезеңіне жолдама алды.
Алматы қаласының нәтижелері
Әуезов ауданының баскетболшы қыздары алтынға қол жеткізсе, Жетісулық арулар екінші орынды місе тұтты. Ал Алатаулық сұлулар үшінші орында.
Алатау жігіттері футзалдан жеңіс тұғырынан көрінде, ал Түрксіб ауданының ұлдары екінші орынға қол жеткізді. Қола жүлде Алмалықтарда.
Әскери-қолданбалы спорт түрлері: 1 орын – Бостандық ауданы, 2 орын – Түрксіб ауданы, 3 орын – Алмалы ауданы.
Үстел теннисі: 1 орын — Қыстаубаев Даниель (Медеу ауданы), Ибраева Аружан (Алмалы ауданы), 2 орын — Хегай Даниил (Түрксіб ауданы), Баймұханбетқызы Мерей (Алатау ауданы), 3 орын — Макеев Тимур (Бостандық ауданы), Каримова Сабина (Медеу ауданы).
Шахмат: 1 орын — Жалмаханов Рамазан, Лесбекова Асель (Бостандық ауданы), 2 орын — Калиев Адиль (Әуезов ауданы), Озали Дэниза (Алмалы ауданы), Бердали Алишер (Алатау ауданы), Əжмұхан Дариға (Әуезов ауданы).
Тоғызқұмалак: 1 место — Тұрлыгүл Абылайхан, Қуатова Аружан (Жетісу ауданы), 2 орын — Амангелді Мейрхан, Амангелді Фариза (Бостандық ауданы), 3 орын — Ғалымжанұлы Дəулет (Түрксіб ауданы), Мейрамхан Бақжанар (Алатау ауданы).
Алматы қаласындағы іріктеу турларының нәтижелер кестесін және шара барысында түсірілген суреттерді http://sportfest.kz сайтында көре аласыздар.
Естеріңізге сала кетейік, спартакиаданың ақтық мәресі Щучинск қаласындағы «Балдәурен» кешенінде өтеді. Қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары мен спортшылар балаларға ұмытылмас әсер қалдырары анық.