jasqazaq.kz

Алматы облысының тұрғыны 20 велосипед ұрлаған

03 маусым 2018, 19:40

Алматы облысында полиция велосипед ұрлаумен айналысқан Талдықорған қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, сәуір және мамыр айы аралығында Талдықорған қалалық ІІБ-ге қала тұрғындарынан құны қымбат тұратын велосипедтердің жоғалғаны жөнінде шағымдар келіп түскен. «Арнайы іс-шара кезінде қалалық полицейлер бұрын сотталған 27 жастағы ер адамды ұстады. Оның соңғы екі айда облыс орталығында тіркелген 20 велоспипедті ұрлағаны дәлелденді. Жоғалған велосипедтің бір бөлігі табылып, полиция оны заңды иелеріне қайтарды. Талдықорған қалалық ІІБ қызметкерлері күдіктінің осындай басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоқтығын тексеруде», — делінген баспасөз хабарламасында. Күдікті ер адам қазір қамауға алынған. Ұрлықтарға қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін Талдықорған қаласының полициясы қарастыруда.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді