jasqazaq.kz

Алматы облысында мұғалімді оқушының ата-анасы ұрып кетті

18 қантар 2018, 11:08

Алматы облысында мұғалімді ата-ана кабинетіне іздеп келіп, соққыға жықты. Оқиға Іле ауданының Боралдай ауылындағы Кенен Әзірбаев атындағы орта мектепте болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Істің насырға шабуына оқушы себеп болған. 6-шы сыныптың баласы үйіне мұғалім ұрды деп шағымданып барған. Ал мәселенің ақ-қарасын анықтамаған жеткіншектің анасы мен әпкесі мектепке келіп, мұғалімді соққыға жыққан. Қазір таяқ жеген ұстаз Боралдайдағы ауруханада жатыр. Дәрігердің айтуынша, жәбірленуші маман бас ми жарақатын алған. Тіпті белгісіз біреулердің әріптесін ұрып жатқанын көріп, көмекке келген екінші мұғалім де таяқ жеген. Ол қолын жарақаттап алған. Ал баланың ата-анасы түсінік беруден бас тартты. Ұстаздың әріптестері болса тәжірибелі маманның ерсі мінез көрсетуі мүмкін емес дейді. «Дөрекі сөйлеу, қол көтеру мүмкін емес. Ол кісінің табиғатында ондай жағымсыз қылық жоқ. Ол мұғалімнің қолынан ондай нәрсе келмейді», дейді №15 К.Әзірбаев атындағы орта мектеп директорының орынбасары Арман Сүлейменова.

 

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан