jasqazaq.kz

Алматы облысында ерекше адам тұрады

07 сәуiр 2018, 9:16

Алматы облысындағы Қапшағай қаласына қарасты Шеңгелді ауылында ерекше адам тұрады. Базарбек Кенжебеков есімді тұрғынның бүкіл ішкі құрылысының орны ауысып кеткен.

59 жастағы тұрғынның бүкіл ағзасын УЗИ-ге түсіріп, тексеру жүргізген Қапшағай қаласының дәрігерлері бұл таңғаларлық жағдай дейді. Олардың айтуынша, жалпы тәжірибелерінде жүректің оң жақта орналасуы кездеседі. Бірақ бүкіл органның орны ауысқанын көрмедік деп отыр.

«Базарбек Кенжебековтың жүрегі оң жақта орналасқан. Бауыры оң жағында болуы керек, бұл кісінікі керісінше сол жағында. Өті сол жағында. Көк бауыры оң жағында, ол сол жақта болуы керек. Бұл таңғаларлық жағдай. Өте сирек кездеседі», — дейді Қапшағай қалалық ауруханасының дәрігері Айсұлу Оңғарова.

Ең бастысы дәрігерлер ақсақалдың жағдайы жақсы екенін айтады. Ерекше тұрғын да өзін әркез сергек сезініп, шаршауды білмеймін деп отыр. Бірақ ол осы уақытқа дейін бүкіл ішкі құрылысының орны ауысып кеткенін білмепті. «Денсаулығым жақсы, ешқашан ауырып көрген жоқпын. Өмірі жұмыс істегенде шаршамаймын», — дейді Базарбек Кенжебеков. Өзге тұрғындардан табиғаты бөлек жанның күнделікті тірлігі есек арбасына отырып, көшелердегі қоқыстарды жинаудан басталады екен. Бұл қызметі үшін ол әкімдіктен 35 мың теңге жалақы алатынын айтады. Ал өмір бойы басында баспанасы болмай, өзгенің үйін паналап жүрген Базарбек Кенжебеков үш баланың әкесі. Кенжесі екінші топтағы мүгедек.

ҚазАқпарат

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды