jasqazaq.kz

Алматы мен Шанхай бауырластық туралы келісімге қол қойды

04 қараша 2024, 16:17

Шанхайда (ҚХР) өтіп жатқан үкіметаралық келіссөздердің қорытындысы бойынша Алматы мен Шанхай арасында бауырластық қатынас орнатуға бағытталған Ниет хатына қол қойылды.

Алматы әкімінің баспасөз қызметі жазғандай, бұл қадам достық байланысын нығайтып, бірегей мәдени мұрасы мен зор экономикалық әлеуеті бар қос мегаполситің өзара дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Келісім экономика және сауда, ғылым мен технология, білім және мәдениет, денсаулық сақтау және туризм сияқты негізгі салалардағы ынтымақтастықты көздейді.
Құжатқа Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев пен Шанхай мэрі Гун Чжэн қол қойды. Келісімдер екі қаланың арасында тәжірибе және инвестиция алмасуды арттыру мақсатында көрмелер, семинарлар және мәдени іс-шаралар өткізуді қамтиды.
Шанхай — Қытайдың қаржы орталығы және әлемдегі ең ірі теңіз порты. Шанхай экономикасының негізгі салаларына қаржы қызметтері, сауда, логистика және жоғары технологиялық өндіріс жатады.

JQ-Aqparat
Сурет: Алматы әкімдігінің Телеграм-каналы

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?