jasqazaq.kz

Алматы әкімдігі ауа райы күрт суытатынына байланысты тұрғындарға үндеу жасады

13 қараша 2024, 11:05

Алматы қаласының әкімдігі алдағы күндері қар жауып, күн суытатынына байланысты тұрғындарға ескерту жасады. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді.

Әкімдік мәліметінше, Алматы қаласында 13 қарашадан 14 қарашаға қараған түні жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Ауа температурасы минус үш градусқа дейін төмендеуі мүмкін. «Қала көшелерінде кептеліс болуы мүмкін екенін ескере отырып, жүретін жолыңызды алдын ала жоспарлауға кеңес береміз. Жауын-шашын кезінде көктайғақ болуы мүмкін, сондықтан жүргізушілерден қысқы шиналарды қолдануды, жылдамдықты асырмауды және арақашықтықты сақтауды сұраймыз. Жаяу жүргіншілерге де қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды», — делінген хабарламада. Көктайғақтың алдын алу үшін қалада 160 құмшашқыш техника кезекшілікке дайын. Одан бөлек қолайсыз ауа райына 490 арнайы техника мен 1,2 мыңға дейін жұмысшы жұмылдырылады. Аудандық әкімдіктерде жұмыс барысын қадағалау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылады.

Көктайғақ кезіндегі сақтық шаралары

Төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында көктайғақ кезінде жарақаттанудың алдын алу бойынша ұсыныстар берілген:

ауа райына сай киіну, тайғамайтын әрі өкшесіз немесе қысқа кең өкшелі аяқ киім таңдаңыз;

әр қадамыңызды нық басып, асықпай жүріңіз, қолыңызда артық ештеңе болмауын ескерген жөн; егде жастағы адамдарға бас жағында резеңкесі бар немесе ұштары бар арнайы таяқшаны пайдалану ұсынылады;

қар аз түсіп, мұз болып қатпаған жолдарды таңдаңыз; тайғақ жолдардан аулақ болыңыз;

егер ол мүмкін болмаса, аяғыңызды жерден алмай, кішкене қадамдармен жүруіңіз керек; ғимараттардың қабырғаларына жақын жүру қауіпті;

жаяу жүргіншілер өткелінен өткен кезде мұқият әрі абай болыңыз, көліктің тоқтағанына көз жеткізіңіз, содан кейін ғана жүрсеңіз болады.

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда