jasqazaq.kz

Алисадан Нейроға дейін

19 қыркүйек 2024, 18:16

Алиса деген ақылды қызды бәрің білетін шығарсыңдар?

— Алиса, ауа райын айтып жіберші?
— Алиса, Музарттың Үшқоңырын қосып жіберші;
— Алиса, Реалдың келесі ойыны кіммен еді?
Алиса шаршамайды, жалықпайды. Не сұрасаң да жауабы дайын. Көбіне балдарға қызық, әртүрлі мыжың сұрақтарына жауап алып мәз боп отырады…
Негізі Алисаның білімі ауа райы мен Музарттың әнін іздеуден әлдеқайда терең ғой. 30 жылға жуық жұмыс істеп келе жатқан Яндекстің 13 000 000 000 парақшасында текшеленген ақпаратты ұсына алады ғой — алайда сауал берушінің шамасы сол ауа райының ар жақ, бер жағында жүрген соң амал не.
13 қыркүйек күні Яндекс Алисадан да ақылды Нейрода «Білім кітапханасы» деген жоба бастады. Яғни, «ауа райы», «ана музыканы қосып жіберші» деген мыжың сұрақ емес, «АЭС-тің Қазақстанға пайдасы қандай», «Қазақстандағы АЭС пен атом энергиясының болашағы қандай» деген күрделі сауалдарға жауап бере алады.
Сұрақтың сапасына қарап сұрақ иесінің ақыл деңгейін бағалауға болады ғой. Бір аптаға жетер-жетпес уақытта Нейроның кітапханасын пайдаланып үлгерген миллиондардың 30%-дан астамы ғылым мен білімге қатысты күрделі сауалдар қойған. Мәселен, ғылыми теорияларды түсіндіруді, физика заңдары туралы айтуды сұраған…
Нейродан біз не сұрар едік? «Қайрат Нұртас АЭС-ті қолдай ма» деп сұраймыз ба:)
Ғылым ғаламат шапшаңдықпен дамып жатыр. Ал біздің санамыз ғылым түгілі ғылым ашқан жаңалықтардың, игіліктердің, жетістіктердің өзін қабылдай алмай жатыр…
Ақыры Қазақстаннан Гугл, Яндекс, Танктер, PUBG сияқты әлемдік брендтер шығара алмадық. Әзірге дейікші.
Ендеше, АЭС сияқты мойындалған, жетілген ғылыми-технологиялық жетістіктің жемісін жейік те. Үдере көшіп алға қарай кетіңкіреп қалған әлемдік ғылымның бір туындысы біздің еліміздің төрінде де тұрсын.
Игілігін халық көрсін!
Алмас Алтай
Facebook парақшасынан

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?