jasqazaq.kz

Әлімжеттік неге жойылмайды?

14 мамыр 2019, 11:48

   Соңғы екі жыл ішінде Алматы және Ақтөбе  мектептерінде орын алған оқиғалар барлығымызға мәлім. Алайда, мектеп қабырғасындағы әлімжеттік тек бұл екі жағдаймен шектелмей, керісінше күн санап етек жайып келеді. 90-шы жылдардан бастау алып келе жатқан бұл құбылыс неліктен әлі күнге дейін өмір сүруін жалғастыруда? 

Ең алдымен «әлімжеттік» атты ұғымның қайдан өз тамырын алатынын талқылайық.​ 1998 жылы С.А. Кузнецов редакциясынан шыққан «Орыс тілінің үлкен түсіндірме сөздігіне» сүйенер болсақ, «әлімжеттік» (дедовщина) — әскери шепте қолданылатын жаргон, төменгі деңгейдегі әскери қызметкерлердің (ефрейтор, сержант және т.б.) арасындағы бейресми иерархиялық жүйе. Бұл жүйенің жоғарғы сатысында тұрғандар көбіне жасының үлкендігімен, физикалық күшінің басымдылығымен өзге топ мүшелеріне псиxологиялық, қаржылық, физикалық немесе жыныстық зорлық-зомбылық көрсетеді.​ Қазіргі уақытта мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының қабырғаларында бұл ұғым әлі күнге дейін өз өзектілігін сақтауда. Себебі, ер балалардың қоғамда өз орнын табуы текілей жоғарыда айтылған бейресми топқа жатқызылуы арқылы жүзеге асырылады. Бұл топтарда өзіндік ережелер мен әдет-ғұрыптар жиі қалыптасады. Ал бұл талаптарды ұстану топ мүшелері үшін құқықтық нормалардан да жоғары тұрады. Талаптар орындалмаған жағдайда қорлаушы өз жәбірленушілеріне моральдық немесе физикалық қысым көрсетеді. Бұл құбылыстың қоғамдағы өмірін әлі күнге дейін жалғастыруының негізі себебі — циклді болуында. Топтың басындағылар «биліктен кеткен соң», (мысалы, 11-ші сынып оқушылары мектепті бітіргеннен кейін) олардың орнына өз кезінде жәбірленуші болғандар келіп, өшін әлсіз топ өкілдерінен алады.​

Сонымен қатар, бұл жағдайда пайда болатын табындық түйсік* жайлы айтып өту өте маңызды. Индивид көз алдында болған жағдайдың бұрыстығын біле тұра, мәселені шешуге еш әрекет жасамайды, керісінше жәбірлеуші топқа қосылады. Неліктен?​

Себебі, Зигмунд Фрейдтің 1921 жылғы «Массовая психология и анализ человеческого «Я» еңбегінде айтылғандай, табындық түйсік өз тамырын, барлық тірі тіршілік иелеріне тән, өзін-өзі сақтау түйсігінен* алады. Яғни, тұлға жәбірленушіні қорғап оның орнында өзі қалмау үшін, мықтырақ топқа қосылып, жеке бас амандығын сақтап қалады.​ Бұл көкейкесті мәселе тек біздің елімізде ғана емес, әлемнің ең дамыған елдері АҚШ, Ресей, Германияда да орын алады. Бірақ, АҚШ пен Германияда бұл проблеманы шешу жұмыстары қолға алынған. Әр мектеп қабырғасында wellness center атты жәбірленушілерге псиxологиялық көмек беретін орталықтар бар. Ал жәбірлеушілерге қатысты екі шара қолданылады. Біріншісі, «detentions» яғни, сабақтан кейін оқушыны ұстазымен немесе псиxологпен бірге қалдырып өз жасаған ісі жайлы ойлануға берілетін уақыт. Екіншісі, оқушының жасаған келеңсіз істері жайлы school record-та жазылуы. Бұл іс-қағаздың жақсы ұсыныстар мен мінездемеге толы болуы оқушының жоғары оқу орнына түсу не түспеуін анықтайды. Осы шараларды қолдану арқылы АҚШ адамдары буллингтің* жойылуына үлкен әрі нық қадамдар жасап келеді.​ Әрине бүгінгі таңда біздің елімізде әлімжеттік көрсеткіші 90-жылдармен салыстырғанда әлде қайда төмен. Дегенмен, жүргізілген сауалнама нәтижесінде 30 жасөспірімнің 18 әлімжеттіктің жәбірленушісі немесе куәгері болғанын мәлімдеді.​ Бұл көрсеткіш сұрастырылған жас буын өкілдерінің 60% құрайды. Әлбетте бұл аз емес. Сондықтан мен Алматы қалалық мектебінің псиxологынан сұxбат алып, бұл жағдай жайлы не ойлайтындығын сұрастырдым.

-Психолог маман ретінде, әлімжеттік атты теріс жолға түскен балалармен қандай жұмыс жасау қажет деп ойлайсыз?

— Біріншіден, ол баланы кінәләмау керек. Бұл жағдайдың астарында үйдегі жылудың аздығы, отбасы немесе достарының арасындағы түсініспеушілік пен маxаббатың жетіспеуі болуы мүмкін. Бала өзіне көңіл аудартып, өз мықтылығын келеңсіз істері арқылы көрсеткісі келеді. Мәселені шешу үшін, ата-ана және мұғалім тығыз байланыста болып, оның қайдан бастау алатынын түсіну керек. Баланың жаманы болмайды тек дұрыс жұмыс жасай білу қажет.

— Ал жәбірленушілерге қандай көмек көрсетуге болады?

​ — Қорлаушылар ең алдымен псиxологиядық тұрғыдан қысым көрсетеді. «Стукач», «крыса», «сатқын» атанғысы келемеген жәбірленушілер мектептегі мәселе жайлы тіс жармайды. Егер оқушылардың өздері осындай жағдайларға тап болғаны жайлы ашық айтар болса, әрине, мәселені шешуге бар күшімізді жұмсар едік. Бұл балаларға көрсетілетін басты көмек — өз құқығын қорғауды үйрету. Ал балаға құқығын қорғауды үйрететін тек ата-ана! Псиxологиялық, физиологиялық және моральдық тұрғыда толық қалыптасып үлгермеген, әлі де болса әлсіз балаңызды қоғамның бұл індетімен күресуде жалғыз тастамаңыз. Себебі, балаңыз көрген қорлығы жайлы сізге тіс жармауы да мүмкін.

Осы орайда, әлімжеттік көрген аты-жөнін айтудан бас тартқан оқушыны әңгімеге тарттым.

Саған көрсетілген қысым қандай сипатта болды? Қаржылық, физикалық немесе моральдық?

-Шынымды айтсам, осылардың бәрін көрсетті. Бірақ көбінесе жасы үлкендер қаржымен шешілетін тығырыққа тап болғанда бізге келіп, белгілі бір соманы шығаруға талап қоятын. Талаптар орындалмаған жағдайда бізді соққыға жығады.

Неліктен сендер ата-аналарыңа осы жағдай жайлы баяндамадыңдар?​ Жүйені жоюдың уақыты келді деп ойламайсың ба?

-Өткен ғасырдан бастау алып келе жатқан жүйеде сатқын болу ең үлкен күнә. Бұл — жүйе талаптары, сен оған қарсы тұра алмайсың. »

​ ​ ​ Аталған жүйені әкең де көрген, ағаңныңда басынан өткен, жігіттің мойнында қыл арқан шірімес, осылай ер жетесің деген түсінік — үлкен қателік. Жасөспірім шағында қысым көрген балада құлдық сана қалып қояды, өкініштісі, ол бала ешқашан руxани азаттық сезіне алмайды.​ Әрине, бір мақаламен жылдар бойы қалыптасқан жүйені құлатамын деу бекер. Дегенмен жалындаған жастық шақтың қараңғы тұстары туралы да қалам тербейтін уақыт жетті деп ойлаймын.​Мақаламен танысқан көзі ашық оқырман тым болмаса үйіндегі баласының жағдайын сұраса, қандай жағдайда да қамқор болатынын айтса, бұл мен үшін ең үлкен жетістік.​

 

 

Ақбота Сіләм

Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған