jasqazaq.kz

Әлихан Смайылов: Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының 90 пайызы қабылданды

21 қараша 2024, 15:15

Қаржы министрлігі 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының шамамен 90 пайызын қабылдады.
Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының орындалуы бойынша норма қазір Парламент қарауында. Бұл туралы 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасы қаралған Сенаттың жалпы отырысынан кейін Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов айтып берді.

Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата жұмыс қорытындысы бойынша не нұсқама, не ұсыным беретінін атап өтті. Нұсқамалар толық көлемде орындалады және Жоғары аудиторлық палатаның бақылауында болады. Ал ұсынымдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қалауы бойынша орындалады.

«Соңғы 5 жылда Жоғары аудиторлық палата тарапынан берілген ұсынымдарға қарасақ, жүйелік сипаттағы ұсынымдардың шамамен 70 пайызы орындалғанын көреміз. Белгілі бір бюджет қаражатын оңтайландыруға бағытталған рәсімдік сипаттағы ұсынымдар бойынша орындалу пайызы төменірек», — деді Жоғары аудиторлық палата төрағасы.

Сонымен бірге Әлихан Смайылов биыл ұсынымдардың орындалу деңгейі оң динамика көрсетіп отырғанын атап өтті. Мәселен, жаңа үш жылдық бюджетті қарастыру аясында Жоғары аудиторлық палата жалпы сомасы 132 млрд теңгеге ұсынымдар берді: 3 млрд теңгеге шығыстарды қысқарту, 12 млрд теңгеге қосымша қаржыландыру, 117 млрд теңгеге қаражатты қайта бөлу.

«Қаржы министрлігінің бізге берген ақпаратына сәйкес, ұсынымдардың 90 пайызы мақұлданды және қабылданды.  132 млрд теңгенің 116 млрд теңгесі бойынша ұсынымдар қолдау тапты. Сондықтан биыл ұсынымдарды орындау бойынша жағдай әлдеқайда жақсы», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар Әлихан Смайылов қазіргі уақытта Жоғары аудиторлық палата ұсынымдарының дәрежесін көтеруге арналған нормалар Мәжіліс қарауында екенін атап өтті.
«Атап айтқанда, Үкіметтің өткен жылғы бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебінде Үкімет Парламент алдында Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымдарының орындалуы туралы есеп беретін міндетті бөлім болуға тиіс. Сонымен қатар ұсынымдардың орындалуы Жоғары аудиторлық палатаның келісімімен бақылаудан алынатыны туралы да норманы ұсынып отырмыз. Осы нормаларды қабылдау арқылы жағдай айтарлықтай жақсарады деп ойлаймын», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

Сурет: gosaudit.kz

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет