jasqazaq.kz

Әлеуметтік желілерде шағымдарды қалдыратын аккаунт ашылмақ

31 қантар 2018, 17:53


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі әлеуметттік желілерде жолдарға қатысты шағымдарды қалдыруға болатын аккаунт ашады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мәселен, егер ауылды аймақтарда мемлекеттік бағдарлама аясында жолдар сапасыз салынып жататын болса немесе газ құбыры жұмыс істемесе, әрбір адам Агенттікке хат жаза алады. Шағым жедел түрде қаралады. Әлеуметтік желілерде арнайы парақшалар ашылып, онда тұрғындар өздеріне ыңғайлы форматта материалдарын кез келген уақытта жолдайтын болады», — дейді Агенттік төрағасы Алик Шпекбаев Астанада өткен ведомсвоның алқа отырысында. Сонымен бірге, ол бұл бағытта қарапайым халық шешуші рөлді атқарып, шағымдармен бірге қажетті фактілерді алға тартуы керектігін атап өтті. «Кей кезде бір ғана фотосурет жетерлік болып жатады. Орталықта отырып, сонау Павлодар облысының Ақтоғай ауданындағы Молодежный кентінде не болып жатқанын көру мүмкін емес. Бізге бақылау жұмысына келгенде белсенді азаматтық көмекшілер керек», — дейді ол. Агенттік төрағасының айтуына қарағанда, қоғамдық бақылаудың маңызы аса зор. «Олар осы идеяны түйсініп, қоғамдық бақылау жұмысын талдауды бастауы керек. Агенттіктің аумақтық департаменттеріне бірлесе жұмыс атқарудың тетіктерін әзірлеуді тапсырамын. Ол ең алдымен барынша ыңғайлы болуы тиіс. Кез келген өтінім барынша оқиға орнын барып тұрып зерттелуі керек», — деп түйді Алик Шпекбаев.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті