Әлеуетті өңір (Видео)

13 қыркүйек 2022, 11:16

 Таңғажайып Түркістан

Түркістан — аграрлы аймақ. Әлімсақтан солай. Жер көлемі 117,3 мың шарш шақырым. Жер емген 2 млн. халқы бар аймақ тоғыз жолдың торабында тұр.

Жұмыр жер бетін мекендеген адам баласы киімсіз, жарықсыз өмір сүруі мүмкін. Бірақ, «ас-сусыз» мүмкін емес. Бүгінгі таңда әлем назары азық-түлік қауіпсіздігіне ауып отырғаны да сол еді. Бұл тұрғыда Түркістан облысының түтіні түзу, қимылы ширақ. Балапанды күзде санайды. Дегенмен, соңғы 7 айда Түркістан облысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардан 27,2 млрд. теңгеге артық орындалып, 338,9 млрд. теңгені құрады. Ал нақты көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда +4,4%-ға ұлғайды.

— Түркістан өңірінде ауыл шаруашылығы жақсы дамуда. Былтырғы жылғы 7 аймен салыстырғанда 65 млрд теңгеге артық орындап, осы жеті айда 335 млрд теңгеге жетіп отыр. Республика бойынша нақты көрсеткішіміз 14,2 пайызды құрайды. Яғни, біздегі ауылшаруашылығы – мал және өсімдік шаруашылығы болып бөлінеді. Биылғы өсімдік шаруашылығы былтырғымен салыстырғанда өте жақсы. Астық жинау бойынша, былтырғымен салыстырғанда биыл 260 мың тонна астық жиналып, қамбаға құйылып жатыр, — дейді Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 850 мың гектарға егілген. Егіс көлемі соңғы 1 жылда 14,4 мың гектарға ұлғайған. Өнімнің орташа түсімі гектарына 19 центнерге жетті. Жалпы, биыл өңір шаруалары 1 трлн. теңгенің өнімін өндірмек ниетте. Бұл ректорд. Мал басы орта есеппен 10 пайызға өсіп отыр. Биыл шетелге 121 мың тонна қауын, 170 мың тонна қарбыз экспортталған. Түстік өңірдің диқандары еккен өнімдер алыс- жақын шет мемлекеттердің дүкен сөрелерінен табылып жатыр. Бұл еткен еңбек пен төккен тердің текке кетпегені.
Түркістан облысы – қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өлке. Бүгінде Түркістан облысы мәдениет майталмандары жиі ат байлайтын алаңға айналды. Аймақта 685 мәдениет және өнер мекемесі халыққы қызмет көрсетіп келеді. Биыл Түркістан облысының 4 жылдығына орай, екінші рет ұйымдастырылған республикалық «Түркістан дауысы» ән байқауы өз мәресіне жетті.
— Түркістан облысының құрылғанына 4 жылдан енді асты. Бірақ 4 жылда қыруар жұмыстар атқарылды. Соның бірі де бірегейі деп Түркістандағы мәдени ошақтарды айтқым келеді. Себебі, бізде республикада теңдесі жоқ Конгресс-холымыз бар, Фараб кітапханасы бар, одан кейін драма театрымыздың жаңа ғимараты бар, «Ұлы дала» орталығы бар және Яссауи айтындағы музей қолға алынып жатыр. Егер, жыл соңына дейін бітіп қалатын болса, теңдесі жоқ музей болады деп отырмыз, — дейді Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев.
«Театр киім ілгіштен басталады» деген тәмсіл бар. Әрине, бұл пікірде көрермен мәдениеті туралы астарлы ой жатқаны аян. Мәдени-рухани құндылық, эстетикалық тәрбиені де осы театр сахнасынан ұғынасыз. Сондықтан да болар, театр өнері саф өнерге баланады. 2022 жылдың 7 айында облыстық 3 театрға келген көрермендер саны 15 пайызға артқан.

Түркістан облысында 1782 тарих және мәдиет үшін айрықша маңызы зор археологиялық және сәулет ескерткіштері бар. Оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің халықаралық маңызы зор. 2003 жылы маусымда Парижде өткен ЮНЕСКО-ның 27-ші сессиясында Қожа Ахмет Яссауи кесенесі дүниежүзілік мәдени мұралар тізіміне енгізілген. Бұл салада да ілкімді істер көп. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы» директоры Мәулен Садықбековпен сұқбаттасу барысында кесенеге қатысты біраз жайтқа қанықтық.

Түркістан қаласының тарихы осыдан 3000 жыл бұрын басталғанын сарапшы ғалымдар дәлелдеді. Бұл тұжырымдама ЮНЕСКО Комитеті мүшелері тарапынан құжаттар мақұлданған бойда, Түркістанның үш мыңжылдығы аталып өтілмек. «Ұлы жібек жолының» бойында орналасқан «Түркістан» Қазақстанның негізгі туристік ошағына айналатын күн алыс емес.
Бүгінгі таңда Түркістандағы барлық нысандар қатаң түрде ЮНЕСКО-ның келісімімен, бақылауымен салынуда. Халықаралық ұйым түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанда жүргізіліп жатқан жұмыстарды жоғары бағалап отыр.

— Қазіргі таңда Түркістанда «Нұрлы жол» құрылысы аясында 2022 жылдың жоспарына сәйкес 855 мың шаршы метр, 8346 пәтер, оның ішінде 5935 көпқабатты, 5411 жеке тұрғын үй болып белгіленді. Ағымдағы жылдың алты айлық қорытындысына сәйкес, 2896 шаршы метр тұрғын үй, 2110 пәтер, оның ішінде 1480 жеке тұрғын үй пайдалануға берілді, — дейді Түркістан облыстық құрылыс басқармасы заң қызметі және мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ислам Срайыпов.

2017 жылы Түркістан қаласы «Түрксой» Халықаралық ұйымының ұйғарымымен «Түркі елдерінің мәдени астанасы» болып жарияланды. Қазіргі таңда Түркістан қаласы – халықаралық шаралар мен саяси-экономикалық маңызды басқосулар өткізуге толық дайын. «Түркістан – қазақ жұртына ғана емес, күллі Түркі елдеріне ортақ қасиетті ұғым, рухани орталық. Демек, оның тарихы да, рухани дамуы да бауырлас елдерді ортақ мақсатқа жұмылдыратын бағдар болуы тиіс. Ендеше, іске сәт!

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл