jasqazaq.kz

Алексей Казак ораза ұстайтынын мәлімдеді (видео)

17 мамыр 2018, 17:47

Танымал ресейлік тележүргізуші әрі продюсер Алексей Казак қасиетті Рамазан айында ораза ұстайтынын мәлімдеді. Ол мұндай қадамға мұсылмандарды қолдау мақсатында барып отыр, деп хабарлайды Stan.kz.

Тележұлдыз әлемде мұсылмандарға қарсы әділетсіз жайттардың орын алып жатқанын атап өтті.

“Барлықтарыңызға сәлем! Ассалаумағалейкүм, бұл Алексей Казак! Күннен күнге мұсылмандарға қарсы агрессия өршіп барады. БАҚ сақалды азаматтар мен хиджаб киген әйелдерден қорқуға және оларды жек көруге шақырып, жау ретінде көрсетуде. Әр күнәға мұсылманды кінәлайды. Ал көбінесе дәл осы мұсылмандар терракттың құрбанына айналып жатыр. Өздерін “өркениетті” санап жүрген елдер лақтырған бомбаның астында мұсылмандар қалып жатыр. Ғаламторда Жаратқанға, пайғамбарларға тіл тигізетін неше түрлі топтар ашылуда. Олардың барлығының мақсаты бір – арандату. Білесіздер, мен православ дінін ұстанатын орыс жігітімін. Бірақ бұл менің де ауыртпашылығым деп санаймын. Ынтамақтастықтың белгісі ретінде мен қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға бекініп отырмын. Не күшті? Олардың бомбасы ма әлде біздің сенім бе?” – деді ол.

Бұл орайда әлемнің әртүрлі елдеріндегі мұсылмандар оған алғыс білдірді. Отандық танымалдардан Қыдырәлі Болманов Алексей Казакка деген ризашылығын жеткізді.

“Алексей бауырымның сөздері, ниеті қандай керемет! Алланың нұры жауып, жүрегін иман нұрымен нұрландырсын! Өзі басқа дінде бола тұрып, мұсылмндарға көрсеткен құрметі үшін Алла разы болсын! Мұсылман болып туылып, ораза ұстамайтын бауырлар, әлі де кеш емес. Мейірімді Алла мейірімді, кешірімді! Бүгінгі алғашқы тарауықта тілек-ниеттеріңіз қабыл болсын! Қасиетті оразада көл-көсір сауап, әр отбасына үйіп-төгіп бақыт, береке берсін”, – деді ол.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен