jasqazaq.kz

Алакөлдегі дауыл жергілікті тұрғындарды шошытты (видео)

06 сәуiр 2018, 16:08

Алматы облысы Алакөл ауданында 5 сәуірде болған дауыл жергілікті тұрғындарды шошытты.  Алакөл ауданындағы Көктұма аулының тұрғындары судың қатты шайқалғанын айтады.

Бұл туралы Вaq.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлады. Айнұр Құнанбаева атты жергілікті тұрғын отбасы үшін алаңдаған. «Мен өзім Достықта жүрмін (станция — автор.), жұмысым сонда. Көктұма ауылында анам, інім тұрады. Туған-туысқандарымның бәрі сонда. Кеше құрбым WhatsApp арқылы жіберді. Пойызбен Достыққа келген ауылдастарымыз желдің таңнан бастап соға бастағанын айтты. Жел кешкі төрттен кейін бірақ саябырлапты», — дейді Айнұр Құнанбаева.
Сонымен қатар, WhatsApp мессенджері арқылы аударылып қалған жүк көлігінің видеосы таралып жатыр. Видеода ер адам көліктің желден төңкеріліп қалғанын айтады. Алайда Алакөл ауданы әкімдігінің ресми мәліметі бойынша, көлік жел салдарынан аударылмаған, өйткені ол аумақта желдің күші қалыптан тыс болмады.


Ал «Қазгидромет» РМК өкілдерінің хабарлауынша, 2018 жылдың 5 сәуірінде Алматы облысында желдің күші секундына 23 метр жылдамдықпен соққан. 5 сәуірде сағат 12:00 шамасында Жалаңашкөл метеостанциясы маңында жел жылдамдығы секундына 38 метрге дейін жеткен. Жоңғар қақпасына мұндай жел тән екен, өйткені бұл аномалды аймақ болып есептеледі. Бұл аймақта Қазақстан бойынша ең күшті жел соғады.
Синоптиктер болжам жасағанда Алакөл аумағын бөлек белгілейді, қазан айның ортасынан сәуірдің ортасына дейін мұнда — жел «маусымы».

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды