Азық-түлік қымбаттады десе, жұрттың ұйқысы қашады. Жуырда ғана сүт қымбаттады деген хабар тарады. Осының анық-қанығын білу үшін «Көк базарға» арнайы барып қайттық. Ондағы Қаламқас есімді келіншек тауарын арзанға сататынын айтып, зат бағасымен таныстырып шықты. Сараптай отырып, салыстырмалы түрде дайындаған материалды «Жас қазақ» газетінің алдағы санынан оқи аласыздар.
Негізгі айтпағымыз – жоғары сұранысқа ие болып тұрған Пәкістанда өндірілген Әл-Баракат шайы. Базарда бірден көзіме түскен шайдың бағасын сұрадым. Бірақ бұл жайында саудагер жағымды пікір айтпады.
Оның айтуынша, елдің есі кетіп, ішіп жүрген қара шай қып-қызыл бояу екен. Қаламқас айтады: «Бізге мұндай жағымсыз әңгімені фирмадан әкелетін азаматтың өзі айтты. Кейде пәкістандықтар келіп шай сұрайды. Өздерінің «Әл-Баракатын» ұсынамын. Бірақ олар алмайды. «Бұл бояу ғой» — дейді. Біздің елге ұшақпен жеткізген соң қымбатқа түседі. Ал «Арзанның жілігі май татымайды» — дейтін жұрт қымбат болса да, бір келісі 2000 теңге болса да, осы шайды іздеп келіп, сатып алады» — деп түсіндірді.
jasqazaq.kz