jasqazaq.kz

Әкімдік есепшісі жұмысқа бармай жалақы алған

06 ақпан 2018, 10:31


Қарағанды облысы Ұлытау ауданындағы Қарсақпай ауылының әкімі есепшінің жұмысқа келмей-ақ жалақы мен сыйақыларын алып отыруына жол берген, деп хабарлайды stan.kz.

Жергілікті әкімшілік қызметкерлері әкімдік есепшісін жұмыста көрмейтін, бірақ есеп табелі бойынша ол күнде сегіз сағат «жұмыста отырған». Бұл мемлекеттік органдағы жоспардан тыс тексеріс кезінде әшкере болды.

«Тексеріс барысында әкім Нұрғазинов жұмысқа келмей жүрсе де есепшіге айлық жалақысын төлеп отырғаны анықталды. Ауыл әкімі мұнысын есепшінің компьютері әкімдіктен гөрі үйінде интернетке жылдам қосылатынымен түсіндірді», – дейді Қарағанды облыстық мемлекеттік қызмет істері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Департаменттің Этика кеңесі қызметтік тексеріс жүргізді. Кеңес мүшелерінің көпшілігі Ұлытау әкімінің басшылығында тәртіптік жауапқа тартуға ұсыну туралы шешім қабылдады.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады