Ақтөбе қаласында «SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасының іріктеу кезеңдері мәресіне жетті. Турнирге өңірдің 13 ауданынан жиналған 429 оқушы қатысты. Олар футзал, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шахмат пен әскери-қолданбалы спорт түрлерінен бақ сынасты.
Қыздар арасындағы баскетбол бойынша нәтиже кестесі: 1 орын – ақтөбе қ., №25 орта мектеп, 2 орын – Қобда ауданы, 3 орын – Алға ауданы.
Жігіттер арасындағы футзал бойынша Мартұқ ауданының құрамасы алтынға қол жеткізіп, 2 орынға Әйтеке би ауданының оқушылары жайғасты. Үшінші орын Мұғалжар ауданының еншісінде.
Үстел теннисі: 1 орын – Жамашев И., Крюковская А (Ақтөбе қ)
2 орын – Берекешов Б (Мұғалжар ауданы), Ердосқызы Д (Әйтеке би ауданы)
3 орын – Берекешов Б (Мұғалжар ауданы), Бөлекова Ж (Мұғалжар ауданы)
Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша:
1 орын – Ақтөбе қаласы
2 орын – Мартұқ ауданы
3 орын – Қобда ауданы
Шахмат ойыны бойынша:
1 орын – Шапиев Алихан (Ақтөбе қаласы), Айсұлтанова Дильназ (Ақтөбе қаласы)
2 орын – Алдажаров Диас (Мартұқ ауданы), Банатова Диана (Шалқар ауданы)
3 орын – Нағашыбай Бекзат (Мұғалжар ауданы), Мұхамбеткаримова Ақнұр (Мұғалжар ауданы)
Тоғызқұмалақ ойыны бойынша:
1 орын – Кадиржанов Ерасыл (Хромтау), Нұрмедин Айкерім (Байғанин ауданы)
2 орын – Сейлханов Мейрамбек, Картанова Зарина (Ақтөбе қаласы)
3 орын – Ертан Диас (Байғанин ауданы), Какимова Томирис (Хромтау ауданы)
Жеңімпаздардың барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталып, Балдәурен ойын-сауық кешенінде өтетін ақтық мәреге жолдама алды.
Естеріңізге салсақ, жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қоры іске асырады.