jasqazaq.kz

Ақтөбеде жалған дипломмен жұмыс істеп келген директорлар мен бапкерлер жұмыстан шығарылды

17 қазан 2024, 15:44

Ақтөбеде Антикор спорт саласындағы заң бұзушылықтарды тексеріп, 10 директор мен бапкердің жалған дипломмен жұмыс істеп жүргенін анықтады. Сонымен бірге сыйақыны заңсыз беру дерегін тіркеді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақтөбе облысы бойынша департаменті Жемқорлық тәуекелдері картасын жасады. Онда әлеуметтік зерттеулер, арыздар, қылмыстық істер мен құқықтық статистикаға талдау жасалды.

— Спорт саласындағы превентивтік шаралар нәтижесінде «Ақтөбе» футбол клубының бұрынғы басқарма төрағасы Жамантаевқа 40 млн теңге сомасындағы заңсыз сыйлықақы беру фактісі анықталды. Ол клубта қызмет атқарған уақытында директорлар кеңесінің келісімінсіз демеушілік қаражат есебінен өзіне 40 млн 400 мың теңге аударған. Облыс әкімдігі соттың мәжбүрлеу тәртібімен аталған соманы Жамантаевтан кері өндіріп алды. Сондай-ақ, бұл қаражатты өңірдегі балалар футболын дамытуға бағыттау ұсынылды,- деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіАқтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Есқали Саламатов.

Оның айтуынша, жемқорлық деректері Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты мекемелерде де анықталды.

— Ұлттық спорт түрлері жөніндегі мектептің бас есепшісі 3,3 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын жымқырып, Қылмыстық кодекстің 189 бабына сәйкес іс қозғалған болатын. Қазіргі уақытта қаражат толығымен бюджетке қайтарылды, ал жауапты тұлға 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сонымен бірге 10 директор мен бапкер жалған дипломмен жұмыс істеген. Олардың бәрі жұмыстан шығарылды,- деді Есқали Саламатов.

inform.kz

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті