jasqazaq.kz

Ақтөбеде сәбилі болған ана бір жыл бойы комада жатыр

15 мамыр 2018, 13:01

Дәрігерлер 2017 жылы маусым айында сәбиін дүниеге алып келгеннен кейін комаға түсіп қалған келіншектің жағдайы жақсарып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

24 жастағы келіншек 2017 жылы 30 маусым күні Қарғалы перзентханасында сәбилі болғаннан кейін көп қан кетіп, комаға түсіп қалған. Ақтөбедегі облыстық ауруханада үш ай бойы емделген келіншекті Санкт-Петербургтегі емханаға ауыстырады. Оның туыстары ресейлік емханада емделуді жалғастыруды қалаған, бірақ ақтөбелік дәрігерлер келіншектің емін шетелде ұзақ уақыт бойы қаржыландыра алмайтындарын айтқан. Қазіргі уақытта науқас Астанадағы оңалту орталығына ауыстырылған.

«Оны Астанаға ауыстырды. Ол қазір оңалту орталығында жатыр. Ем алғаннан оңды өзгерістер бар, дегенмен комадан әлі шыққан жоқ», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев.

Ол Қарғалы перзентханасында болған басқа қайғылы жағдай туралы да пікір білдірді.

«Босанған әйел перзентханадағы хаттама дұрыс емес екендігін және оны өзгерту керектігін айтқан. Бірақ, бұл ол ай емес. Ол жағдайға хаттаманың еш қатысы жоқ. Сәби жатыр ішінде жатқанда ауырған, яғни оның өкпесі қабынған, сол себепті сәби шетінеп кетті», — дейді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

Еске сала кетсек, Ақтөбе тұрғыны дәрігерлер босану туралы хаттама толтырып жатқан кезде сәбиі жатыр ішінде тұншығып қалғанын айтқан. Бұл – оның үшінші сәбиі еді.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен