jasqazaq.kz

Ақтөбеде «Өнер орталығының» төбесі опырылып түсті (видео)

24 мамыр 2018, 16:46

«Екі езу» театрының актері Нұрлыбек Жұбатқан төбесі опырылып қалған кабинетін көрсетті. Айтуынша, Ақтөбедегі жуырда ғана ашылған «Өнер орталығы» ғимаратының төбесі оның көз алдында құлап түскен. Бұл туралы NUR.KZ хабарлады.

Актер Нұрлыбек Жақыпбектің айтуынша, өзі отырған кабинеттің төбесі кенеттен опырылып құлап түскен.

«Кабинетімде отырып жазым бола жаздадым. Құдай сақтады. Кабинетімде жұмыс жасап отырған кезде төбе құлады. Шошып кеттім. Тап сол опырылып түскен жерде үш минут бұрын тұрып шкафтан кітап алған едім. Бұл күні кеше ашылған «Өнер орталығы» ғимаратындағы кабинет.
Көктемде театрдың əртістері отырған бөлменің төбесі жарылып су кетті. Енді мынау тал түсте жазым бола жаздадым.Бірақ, потолок жеңіл екен. Төбеңе түссе басың жарылмайды. Оғанда шүкір. Бұған кім жауап береді?..», — деп жазған ол желідегі парақшасына болған жайттың видеосы мен суреттерін жүктеді.
Мұны көрген желі қолданушылары болса, түрлі пікірлерін жаудырып, наразылықтарын білдіріп жатыр.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен