Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ақшатау ауылының тұрғыны Мәдина Нұрмағамбетова Наурыз мерекесі күні Нива көлігін бір өзі сүйреді. Тақалы етігімен ерлік көрсеткен балабақша тәрбиешісінің ісі көпшілікті таңқалдырды.
Ақтөбе облысының шалғай ауылында тұратын Мәдина Нұрмағамбетова балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейді. Төрт баланың анасы Наурыз мерекесі күні Нива көлігін сүйреп, көпшілікті таңқалдырды. Әлеуметтік желіге тарап кеткен видеоны көрген адамдардың кейбірі қарсы шықса, кейбірі «алып анадан туады» деп қолдау білдірді.