jasqazaq.kz

Ақтөбеде Мирзоянның ескерткішіне қатысты тағы дау шықты

19 мамыр 2018, 14:22

Ақтөбеде Левон Мирзоянның көк тастан қашалған ескерткіші көшірілді. Енді ол бұрынғыдай көшенің қақ ортасында емес, орталық саябақтағы кеңес одағы кезіне арналған аумақта тұратын болды. Сол көк тасты жоқ қылу туралы әкімдіктегілерге соңғы бес жылда ондаған арыз түскен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Таңат Шегебаев, Ақтөбе қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы: -Тұңғыш президент саябағында тарихи аумақ бар. Тарихи аумақта Мирзоян тағы басқа социализм дәуірінен келе жатқан ескерткіштер сол жерде орын табады. Мирзоянға арналған белгі тас қазір алаңда жоқ. Оны шенеуніктердің бұйрығымен жұмысшылар түн жарымында тиеп кетіпті. Әкімдіктегілер көшенің аты өзгерген соң, «Қызыл террорды» ұйымдастыруға белсене атсалысқан адамның ескерткішін де қалдыруды жөн көрмегендерін айтады. Бұдан бұрын ақтөбелік қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары Мирзоянның белгі тасын мүлдем жоқ қылуды талап еткен еді. Өйткені кезінде қазаққа жайлы саналып, «Мырзажан» аталып келген большевиктің көлеңкелі тұстары ашылып, соның кесірінен мыңдаған адамның жазықсыз атылғаны құжаттармен айғақталды. Мирзоян есімі көшеден де алынып, оған Әлихан Бөкейхановтың аты берілді. Дегенмен әкімдіктегілер белгі тасын қиратуға армян диаспорасынан ұялып, көрнекі жерге қоятын болып келісіпті. Бірақ бұған қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары көнбей отыр. Ескерткішті көшіруді де көзбояушылыққа балайды. Бақытжан Құрманов, Ақтөбе қаласының тұрғыны: -Бұл халыққа көзбояушылық жасау. Халықты алдау. Халық бала емес кәмпит беріп, ойнап кел дейтін. Мына жерден алып тастады. Оны ана қала ортасына апаруды мен өзім ұлықтау деп ойлаймын.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен