jasqazaq.kz

Ақтөбеде аясуыз соққыға жығылған мұғалім көз жұмды

08 сәуiр 2018, 10:52

Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінің подъезінен аяусыз соққыға жығылған мұғалімнің денесі табылды, деп хабарлайды «КТК» арнасы.

Аяусыз соққыға жығылған 32 жастағы мұғалім Екатерина Самсонова көп қабатты үйлердің бірінің подъезінен табылған. Ауыр жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліпті.

Ота жасалып, дәрігерлердің әйелдің өміріне араша түскеніне қарамастан, ол есін жимастан ауруханада көз жұмды.

Өңірлік ІІД баспасөз қызметі аталған фактінің растады. Алайда қылмыстың анық-қанығы жөнінде мәлімет берген жоқ. Әйелдің туыстарының сөзінше, Екатерина өзін аяусыз ұрып тастаған ер адаммен таныс болған. Олар араласып тұрған екен.

Қайтыс болған мұғалімнің анасы Наталья Самсонованың сөзінше, күдікті 1983 жылы дүниеге келген. Ол құрылыс орнында жұмыс істейді екен. Қазір ол тергеу изоляторында отыр.

«Ол қызымды аяусыз ұрып тастаған. Үстінде секіріп, қабырғаларын сындырған. Бізге айтқандай, оны зорламақ болған. Ол кінәсін мойындағандықтан, оны ұстады. Нәтижесінде оған «Адам өлтіру» бабы бойынша емес, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша айып тағылып отыр», – дейді әйелдің туыстары.

Қайтыс болған Екатерина Самсонованың артында 13 жастағы ұлы қалды.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды