jasqazaq.kz

Ақтөбеде анасын өлтірген қыз сотталды

16 қантар 2018, 18:08

Ақтөбеде туған анасын пышақтап өлтірген 25 жастағы Оксана Диде сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сотталушы Оксана Дидеге үкім шықты. Іс материалдарына сүйенсек, сотталушы Оксана Диде өткен жылдың қазан айында ішімдік ішіп, үйінде анасымен жанжалдасып қалған. Анасы мен қызы төбелесіп, сол кезде айыпталушы шешесіне ас үй пышағын ала жүгірген. Бірнеше рет ішінен пышақтаған. Ауыр жарақат алған сотталушының анасы оқиға орнында қаза тапқан. Сот отырысы кезінде айыпталушы Оксана Диде өзіне тағылған айыпты мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді. «Оксана Диде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, 906 мың теңге сот шығындары өндірілсін», — деді судья Алтынбек Сабыров.

 

14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан