Ақтөбенің облыстық ауруханасында босанғанына үш күн болған келіншек қайтыс болды. Ал сәбидің жағдай өте ауыр деп хабарлайды Мой город сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Менің жақын құрбым қайтыс болды. Қатты ісіп кеткеніне қарамастан, дәрігерлер оны кесер тілігімен босандыруға келіспеді. Әйелдің күші жетпегендіктен, дәрігерлер жатырын кесіп, баланы шығарып алуға мәжбүр болды. Бір күн өткеннен кейін-ақ сәбидің ыстығы көтеріліп, іші ісіп, терісінің түсі өзгеріп кетті. Ал анасына шұғыл ота жасау керек болды. Босану кезінде тілген жатыры іріңдеп кетіпті. Содан қанына зақым келген. Құрбым мұны көтере алмай көз жұмды», — деп жазады марқұмның құрбысы әлеуметтік желіде.
Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы марқұмның жақындарына көңіл айтып, оның босауы қиын болғанын жеткізді.
«Қайтыс болған әйелдің жақындарына көңіл айтамыз. Заң талаптарына сәйкес, біз оған қандай диагноз қойылғанын жариялай алмаймыз. Ол үшін арнайы тексеру комиссиясы құрылды. Енді бұл бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның қалай болғаны анықталады. Біз «Ана мен бала» бөлімінің меңгерушісін және босандыру бойынша медициналық кластер директорын қызметінен босаттық», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.
Қазіргі таңда сәбидің жағдайы бір қалыпты ауыр дейді дәрігерлер.