jasqazaq.kz

Ақтөбе облысының мұғалімдері кәсіби бағдар бойынша тренингтерге қатысты

07 наурыз 2018, 12:05

Аталған шеберлік сағаттары «Өмірлік таңдау» республикалық жобасының аясында өткізілген.

Мұғалімдер 8-10 сынып оқушылары мен ата-аналарына кәсіби бағытталған тренингтерді жүргізуді үйренді, сонымен қатар қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді. Тренингтерге барлығы 50 мұғалім мен психолог мамандар қатысқан, олардың отызы аудандық мектептерден келген.

«Өмірлік таңдау» – бұл қазақстандық оқушыларды жұмысшы мамандықтармен таныстыруға бағытталған ауқымды жоба. Іс-шара аясында техникалық кәсіптерге деген құрметті ұялату, жастар арасында мамандық таңдаудың маңыздылығын кеңінен түсіндіру сынды мәселелердің шешімін табу көзделген.

Жоба аясында біз 250 мұғалімді осындай тренингтен өткіземіз. Оның аясында қатысушылар тренингті қалай жүргізу керектігі, кәсіби бағдар бағытындағы жұмыстарды жүргізуге байланысты мәліметтер алатын болады. Осы тренингтерді ұстаздар 8, 9, 10 сынып оқушыларына өткізетін болады. Тренинг қорытындысы бойынша 250 педагогтың ішінен әр облыстан 1 педагог, яғни 5 үздік тренерді іріктеп алып, оларды Ресей Федерациясының үздік тренинг орталығында оқытатын болады, — дейді жобаның жетекші маманы Дәулет Әждар.

Бұл ретте тренингке қатысқан мұғалімдер де өз ризашылықтарын білдіріп, жобаға қатысты пікірілерімен бөлісті.

Ақтөбе облысынан бөлек, жоба еліміздің төрт ірі өндірістік аймағында іске асырылды. Олар: Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары.

Жоба аясында оқушыларға қалаған маман иелерінің жұмыс барысымен танысу үшін аймақтық кәсіпорындарға экскурсия ұйымдастырылады. Ол ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланған.

Аталған жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Пресс центр Азия» ҚҚ іске асырады.

Оқу жылының соңына дейін 40000 астам 8-10 сынып оқушылары мен 200 мұғалім қамтылмақ. Сонымен қатар, аталған бағытта әлеуметтік зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен