jasqazaq.kz

Ақтаулық сұлу күннің суығында шешініп суға түсті (видео)

08 ақпан 2018, 15:31

Ақтау тұрғынының сең боп қатқан Каспий теңізіне шомылған суреті әлеуметтік желі қолданушыларын таң-тамаша етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында бөліскен.

Жарияланған фотосуреттер мен бейнелерде қыз алғашында жағажайда тұрып, кейін мойнына дейін мұзды теңізге түседі.

«Бір қарағанда суық! Бірақ мен батылдықты қолдаймын! Денем тітіркеніп кетті, бұл шынымен де тамаша», — деп жазады желі қолданушыларының бірі.
Ақтаулық «қар қызының» есімі – Зарина Андрюшина. 33 жастағы әйелдің күйеуі мен тоғыз жасар қызы да бар.

Заринаның айтуынша, ол Ақтауға 2011 жылы көшіп келген. Осыған дейін ол мүлдем Каспий теңізіне шомылып көрмегенін айтады.

Дегенмен тоғызыншы мамырда теңізге түсу туралы ойға келеді және содан бастап күнделікті шомылып тұрады.

Келіншектің сөзінше, осы әрекетінен кейін ол көптеген ауруларынан айыққан. Және суға түсіп шыққан соң өзін өте сергек әрі жақсы көңіл-күйде сезінетінін айтады.

Қақаған қыста теңізге шомылған келіншектің айтуынша, отбасы онымен бірге шомылмаса да, жылдың кез келген маусымында жағалауға жергілікті тұрғындар көп келеді.

Бүгін, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
Бүгін, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
Бүгін, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
Бүгін, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
Бүгін, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
Бүгін, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
Бүгін, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
Бүгін, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады
03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады