jasqazaq.kz

Ақтауда саябақта аттракцион белдігі үзіліп кетті (видео)

06 маусым 2018, 17:56

Ақтауда саябақта аттракцион белдігі үзіліп кетті Ақтау саябағында қосылып тұрған аттракциондардың бірінің белдігі үзіліп кетті.

КТК хабарлағандай, оқыс оқиғаны сол жерде жүрген тұрғын ұялы телефонына түсіріп алып, инстаграмм парақшасына жариялаған. Ол жазбасында: «Абайлаңыздар. Ата-аналарды ескерткім келеді. Бүгін сіңлім қызымен бірге «Ақбота» саябағында серуендеп, ойнағысы келген. Әткеншектерді қосып отыратын оператор балаларды отырғызып, белдіктерін тағып, қосып кетіп қалды. Бірақ, бос орынның белдігін тақпаған екен. Әткеншек ойнай бастағанда, бос орындықтың қатты белдігі үзіліп, жерге түсіп қалды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ сол қатты белдік немесе орындық балаға құлағанда не болатын еді? Саябақтың басшылығы қайда қарап отыр? Бір жағдай бола қалса, олар тек айыппұл төлеп құтылады, ал балаңызды қайтара алмайсыз», деп жазды. Осы оқиғаға қатысты төтенше жағдай департаменті мамандары тарапынан тексеру жүргізілген. Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы Демеуғали Бақовтың айтуынша, аттракционды қосып, кетіп қалған операторды жұмыстан босату туралы ұсыныс тастап, шара қолданған. Осы жағдайдан кейін саябақтағы жұмысшы операторлар оқу дайындығынан өтпек. Енді оларға арнайы киімдер беріледі. Қазір «Ақбота» саябағында 14-тен астам аттракцион бар. Техника Ресейден әкелінген. Болашақта тағы да әткеншектер алынбақ. Айта кетейік, «Ақбота» саябағы мемлекет меншігінде. Осыдан 3-4 жыл бұрын қаңырап бос жатқан жер болса, былтырдан бастап абаттандырылып, кәсіпкерлер шақырылған.

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр