jasqazaq.kz

Ақтау түрмесіне марихуана өткізбек болды

09 сәуiр 2018, 11:15

Ақтаудағы колонияға «Ассам» шайының қорабына жасырып 4 ұялы телефон, сонымен қатар 47 дана шылыммен есірткі заттарын өткізбек болған азаматтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен мәлім етті.
ҚазАқпарат хабарлағандай, «Маңғыстау облысының тұрғыны сотталушымен қысқа мерзімді кездесуге келген кезінде мекеме әкімшілігі тыйым салынған заттарды заңсыз бергені үшін жауапкершілік бар екендігін ескерткен болатын. Алайда, ол құқық бұзушылыққа жол берді», — деді Маңғыстау облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Теймур Гашимов. Оның айтуынша, азық-түлік тағамдарын тексеру барысында «Ассам» шайының төрт қорабының әрқайсысынан ұялы телефон мен сим-карталар табылған. «Сонымен қатар бірнеше ондаған темекі тексерілді. Көп еңбекті талап еткен жұмыс жемісті аяқталды. 47 дана шылымнан өзіндік иісі бар заттардың орамы табылды», — деді департамент басшысы. Ведомство мәліметінше, сот-химиялық сараптама барысында тәркіленген заттардың салмағы шамамен 170 грамм болатын марихуана мен 100 граммға жуық әсері күшті гашиш екендігі анықталды. Жиналған материалдар процессуалды шешім қабылдау үшін Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментіне жіберілді.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды