jasqazaq.kz

Ақшаға бола немересінен бас тартты

28 мамыр 2018, 10:51

Балалар үйінде тәрбиеленген немересін асырап алған атыраулық әйел көп ұзамай одан бас тартып, оны қайтадан Атыраудағы балалар үйіне өткізіп жіберген.

Бұл туралы atpress.kz-ке сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Шаңырақ» отбасылық типтегі Атырау балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева жақында оларға балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісінің қайта оралғанын айтты.

«Бала туғаннан бері балалар үйінде тәрбиеленген, себебі оның биологиялық анасы қызды баға алмады. Бірақ біз оның туған әжесін тауып алдық және оны немересін балалар үйінен алып кетуге көндірдік»,- дейді Гүлсара Ботатаева.

«Шаңырақ» мамандары құжаттарды шығарып, болашақ қамқоршымен психологиялық тұрғыда жұмыс істеді. Дегенмен, асырап алынған немересі үшін төленетін бірінші ай сайынғы жәрдемақыны алу уақыты келгенде, бұл сома әже үшін тым аз көрінген. Содан ол туған немересін дәл сол күні балалар үйіне қайта өткізіп жіберген.

«Қыз психологиялық зақым алды. Туған әжесі бас тартқаннан кейін қатты жылады. Қазір онымен психологтар жұмыс істеп жатыр», – деді балалар ауылының директоры.

Қазіргі уақытта туған әжесі бас тартқан бүлдіршін кәмелетке толмағандардың бейімделу орталығында екен. Сонымен қатар, бұл жағымсыз жағдайдың барлық мәліметтері анықталуда.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен