Ақтау тұрғыны көшеден бір бума ақша тауып алды. Енді ол ақшаның иесін іздестіріп жатыр. Иесі таабылмаса қайырымдылыққа жұмасақшы.
Бұл туралы “Лада” хабарлады.
Оқиға 25 қаңтарда болған. Хасен есімді азамат 13 ықшама-ауданында кешкі серуенде жүрген.
“Серуендеп жүрсем, жол бойында ораулы ақша жатыр екен. Алдымда 3 адам келе жатыр еді. Шақырып сұрадым, олар ештеңе жоғалтпаған. Айналада басқа ешкім болмады. Сол жерде 15 минуттай иесі келіп қалмар ма деп күтіп тұрдым. Мен ақшаның иесін тапқым келеді, маған бөтеннің ақшасы керек емес. Қазір қиын уақыт, біреудің жалақысы шығар, мүмкін несиеге төлейтін ақшасы шығар”, – дейді ол.
Хасен ақша табылғаны туралы полицияға арыз жазғысы келмеген. Ол полицияның ештеңе істей алмайтынына сенімді.
Оның айтуынша, ақшаның шын иесі қайда, қанша теңге және қандай ақша жоғалтқанын айтуы керек.
Егер ақшаның иесі табылмаса, қайырымдылыққа жұмсайтынын айтты.