jasqazaq.kz

АҚШ үкіметі Huawei-дің тыңшылығын әшкереледі

11 қантар 2018, 13:21

АҚШ билігі Қытай үкіметімен «жұмыс істейтін» Huawei компаниясын кінәлады. Америкалықтар қытай телефоны тыңшы болуы мүмкін деп қауіптеніп, ұялы байланыс операторларына аталған компанияның смартфондарын сатқызбай отыр. Бұл туралы The Information сайты жазды, деп хабарлайды Вaq.kz.

Лас-Вегастағы CES көрмесі аясында Huawei компаниясы АҚШ-тың ең ірі ұялы байланыс операторларының бірі AT&T-пен серіктестік туралы жариялаймыз деп жоспарлап отырған. Бірақ келісім жасалмай, компания қытайлық өндірушінің смартфондарын сатудан бас тартты.

Android Police дереккөзі мұндай жағдай АҚШ-тың байланыс жөніндегі федералды комиссиясы тарапынан қысым көрсетілуінен орын алды дегенді растайды. Ведомсто Huawei компаниясы Қытайдың арнайы қызметімен серіктес екеніне сенімді. Сондықтан олар қолданушыларды жасырын бақылай алады. Американың тағы бір байланыс операторы Verizon да мұндай ақпарат болғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, 2008 жылы да америкалық әскерилер «Huawei Қытайдың Халық-босату армиясымен тығыз байланыс орнатқан» деген қорытынды шығарған. Сол үшін компанияға мемлекеттік немесе әскери мәндегі ақпарат беретін желілерге қосылуға тыйым салынған. 2012 жылдың соңында да АҚШ Конгресі компанияның Қытайдың мемлекеттік және әскери ұйымдарымен байланысы бар деген ақпаратты жариялады.

15 шiлде, 10:47
Үлгі бойынша демократия: Неліктен батыс рейтингтерін объективті деп тануға болмайды?
14 шiлде, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
14 шiлде, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
14 шiлде, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
14 шiлде, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
14 шiлде, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
14 шiлде, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
14 шiлде, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі