АҚШ-тың Калифорния штатында көл бетінде пайда болған алып шұңқыр жергілікті тұрғындарды шошытты.
Tengrinews.kz хабарлауынша, америкалық Калифорния штатының тұрғындары Беррисса көлінің ортасында пайда болған алып ойықты көргенде шошып, арнайы қызметтерге хабарласа бастаған, ол ойық жұмбақ иірімді еске түсірді. The Sun басылымының мәліметінше, тұрғындар бұл құбылысты «тозақ босағасы» деп атады. Кейін оның жай ғана су ағызғыш екені анықталды. Ол көлдегі су деңгейі көтерілген кезде іске қосылады», — делінген жарияланымда.