jasqazaq.kz

Ақорда қақпасын көлікпен соққан полицейлер жұмыстан қуылды

18 қантар 2018, 11:16

Porsche көлігімен Елбасы резиденциясының қақпасына көлікпен соғылған ішкі істер қызметкерлері жұмыстан шығарылды, деп хабарлады ҚазАқпарат Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қаңтардың 16-нан 17-не қараған түнінде болған жол-көлік оқиғасына байланысты қызметтік тексеру жүргізілді. Нәтижесінде Астана ІІД ӘПБ арнайы батальонының инспекторы, полиция лейтенанты Е. Иманбеков Достық көшесімен келе жатып көктайғақта рульге ие бола алмай қақпаның тіреулеріне соғылған. Жараланғандар мен зардап шеккендер жоқ», — деп хабарлады ІІД. Ведомство мәлімдегендей, оқиғаға кінәлі Е Иманбеков пен оның бастығы взвод командирі, полиция капитаны Г.Жұмахметов ҚР ішкі істер органдары қызметінен босатылды. Сонымен қатар, ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын нашар жүргізгені үшін аталмыш бөлімнің басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылған. ІІД ақпаратына сәйкес, 17 қаңтар күні сағат 03.20 шамасында Астана ІІД ӘПБ арнайы батальонының инспекторы, полиция лейтенанты Е. Иманбеков мас күйінде мемлекеттік нөмірі 420 ULA 01 Porsche Cayenne көлігін басқарып келе жатып Ақорда резиденциясы қақпасының тіреуіне соғылған. Көлікте взвод командирі, полиция капитаны Г.Жұмахметов (машина иесі) болған. Ол оқиға орнынан бой тасалаған. Жол-көлік оқиғасының суреттері «Время» газетінің сайтында жарияланды.

 

Бүгін, 18:13
Түркістан: Түлкібаста кәсіпкер экотуризмді дамытуға арналған жобаға кірісті
Бүгін, 18:10
Түркістан: Саурандағы өндірістік аймақтардың жұмысы сараланды
Бүгін, 18:06
Түркістан: Отырарда кәсіпкерлердің өтініші тыңдалды
Бүгін, 18:02
Түркістан: Сайрам ауданында бес айда жалпы өңірлік өнім көлемі 113,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 11:02
Түркістан: Ордабасыда кілем тоқу және алюминий өнімдерін өндіретін зауыт ашылады
Бүгін, 11:00
Түркістан: Өңдеу өнеркәсібін дамытуға арналған жобалар көбейді
Бүгін, 10:58
Түркістан: 32 мың гектар жерге тамшылатып суару жүйесі енгізілді
12 шiлде, 20:07
Әлібек Жұрхабаев: Мықты байланыс – суицидке апаратын жолды кесетін басты кедергі
12 шiлде, 19:42
Алға қарай батыл қадам басқан жан