jasqazaq.kz

Ақмола облысында алданған кәсіпкер ақшасын қайтара алмай жүр

14 наурыз 2018, 21:26

Шекілдеуіктің шырғалаңы! Ақмола облысында элеваторға 500 тоннаға жуық пісте тапсырған кәсіпкер қиын жағдайға тап болдым деп отыр. Бұл астық қоймасына 100-ден аса шаруа өнімдерін кептіріп, сақтауға тапсырады екен. Сондықтан пісте даудың басы ғана сияқты. Өйткені элеватордағы жұрттың мүлкі талан-таражға түсті деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасап jasqazaq.kz хабарлады.

Алмас Шағыров күнбағыс майы үшін жинаған 500 тоннаға жуық пістесін элеватордан қайта алар кезде мұншалықты сергелдеңге түсемін деп ойламаса керек. Оның қолында қамбада өнімді кептіріп, сақтау үшін тапсырған қажетті келісім-шарт пен есеп қағаздары да бар. Көрсетілген қызметке де уақытылы төлемін беріп тұрған. Енді ол «Кенесары-астық» элеваторы басшылығының өнімді қайтарар кезде неге түлкібұлаңға басып отырғанын түсіне алмай дал. Алмас Шағыров, ЖШС директоры: -Қазан-қараша айларында сақтауға тапсырдық. Енді элеватор өз дүниемізді қайтармай отыр. Не дұрыс жауап бермейді. Пістені беруден үзілді-кесілді бас тартты. Сонда өз өнімімді өзім ала алмаймын ба? «Мұнда сенің ешқандай тауарың жоқ» дейді. Қағаздарыма қараған да жоқ. Дайын өнімін өткізетініне сенімді болған серіктестік сатып алушылармен келісім-шарт та жасап қойған екен. Қазір оның да мерзімі өтіп барады дейді кәсіпкер. Алайда элеваторға жаңадан келген басшы Жеңіс Есләмов бұл мәселе бойынша жұмған аузын ашқысы жоқ.Күн сайын элеватор маңын торуылдап жүрген кәсіпкерлер келген сайын еститініміз осы деп мұң шағады. Олар тіпті осы қамбадан пісте артқан көліктерді де аңдып, Щучьедегі май зауытына дейін барған. Тауарды тапсыруға кедергі келтіріп те көріпті. -Элеватордан кімнің өнімі май зауытына кетіп жатқанын, әрине, жаңа басшы айтпады. Ал белгілі болғаны, Бурабай аудандық ішкі істер бөлімі, осы дерекке қатысты «Бөгде біреудің сеніп тапсырған мүлігін иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазіргі болжам бойынша, элеваторда пісте ғана емес, бидай және басқа дәнді дақылдар да жымқырылған көрінеді. Элеваторға жарты жыл ғана директор болған Темірғали Уәлиев қазір қызметінен қуылған. Осы жағдайға байланысты болуы әбден мүмкін. Ал жалпы қанша дақылдың талан-таражға салынғаны әзірге белгісіз. Өңірде бір айдан кейін көктемгі егіс басталатынын ескерсек, мұнда астық тапсырған 100-ден аса шаруа қожалықтары тұқымға қалдырған астығын алуға келеді. Даудың көкесі де сол кезде болатындай.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен