Ақбота Керімбекованың ажырасып кетті деген күйеуі көпшілікке жазба арнап, қауесетке нүкте қойды деп хабарлайды NUR.KZ.
Бұл жайында Рауан Дәулетов Instagram парақшасында мәлімдеді.
«Ажырастырып,қосқандарыңыз үшін,
Не болар екен деп тосқандарыңыз үшін,
Сары уайымға салынып, бастарыңызды қосқандарыңыз үшін,
Алғысым шексіз!
Мейіріммен қарағандарыңыз үшін,
Қарауға жарағандарыңыз үшін,
Бақытқа балағандарыңыз үшін,
Алғысым шексіз», — деп өлең жолдарын арнады.
Ал желі қолданушылары Дәулетовтен әншіні жылатпауын сұрап, бақыт тіледі.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын әнші Ақбота Керімбекова үшінші некесінің де тағдыры қыл үстінде екенін айтқан болатын.