Шахизаданың немересінің тұсау кесер тойына Ақбота Керімбекова жалғыз келді.
Ешкімнің көңілін өзіне аудартқысы келмеген әнші, жай ғана қонаққа келген адамның кейпін танытты.
Иә тойда Ақботаның күйеуі Рауан Дәулетов көзге түспеді. Кеш бойы Ақбота әріптестерімен әңгіме-дүкен құрып жүрді.
Естеріңізге сала кетсек, осыдан біраз күн бұрын Ақбота «Бақытты әйел» бағдарламасында берген сұхбатында үшінші рет ажырасқанын айтқан еді.
Бірақ, Ақбота бақытын іздеген әйелдер сияқты көзінің жасын төгіп, уайымға берілмей өзінің ер мінезді екенін тағы бір көрсеткендей.
Ақбота тойларға барып, көңіл көтеріп ешкімге тәуелді емес екенін аңғартқандай.