jasqazaq.kz

Ақбота Дәурен Айдарқұловпен ажырасуының себебін айтты

27 сәуiр 2018, 17:35

«Кешью» тобының экс-мүшесі Ақбота Сейітмағамбет актер Дәурен Айдарқұлов екеуінің неліктен дәм-тұзы жараспағанын 365info.kz порталының тілшісіне айтып берді.

Әншінің сөзінше, 1,5 жыл араласқан олар осы уақыт аралығында бірнеше рет айрылысып-қосылып та көріпті. Бірақ, екеуінің өмірге деген көзқарастары сай келмеген. Яғни, 37 жастағы актер әйелінің үйде отырғанын, хиджаб киіп, намаз оқығанын қалапты

Ақбота алғашында күйеуінің айтқанын істегенін айтып отыр. Бір ай бойы ол орамал тағып жүріпті. Бірақ кейіннен үйде отырудан жалығып, сахнаны сағына бастаған. Күйеуі болса бұл ойына үзілді-кесілді қарсы болған.

«Оған үйде отыратын әйел керек болды. Мен 13 жасымнан жұмыс істеп үйренген адаммын. Ата-анамнан ерте айрылғанмын. Сол себептен де бала кезімнен жұмыс істесең ғана жетістікке жетуге болатынын білемін. Сондықтан үйде отырып, күйеуімнің жұмыстан келгенін күтіп отыратын әйел мен емеспін. Ол менің намаз оқып, хиджаб кигенімді қалады. Бірақ мен оған әлі дайын еместігімді айттым. Мүмкін уақыт өте келе дінге де келетін шығармын», — дейді Ақбота.

Қазір әнші колледжде оқитын туған інісімен бірге тұрады. Бос уақытын баласына арнаған әнші, жеке шығармашылығын қолға алған.

sn.kz

Бүгін, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
Бүгін, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті