Индира Омарова есімді Facebook қолданушысы парақшалардың біріне қызының хатын жариялапты. Онда бүлдіршіннің әке махаббатын аңсап, бақытты өмірді армандайтыны жазылған.
Желі қолданушысы «Мына хатты қызым жазыпты. Оқып жүрегім ауырып кетті» деп жазбаның суретімен бөлісіпті.
Онда бүлдіршін: «Әкем мен анам бақытты болса. Бәріміз бірге тату-тәтті өмір сүрсек қой. Сол кезде сабағымды одан да жақсы оқитын едім. Әкем бізге қайтып келсе ғой. Сол менің арманым. Біз де бұрынғыдай бақытты өмір сүрсек қой. Мен де достарым сияқты әкеммен тұрсам ғой», – деп арманын жазған.
Желі қолданушылары баланы отбасылық бақыттан айырған ата-аналарды кіналады.
«Индира ханым, сіз балаларыңыз үшін отбасыны қалайда сақтап қалуыңыз керек. Жүрегін жаралап отырсыз», «Осындай әйелдерді түсінбеймін. Өтініш, адамның жүрегін ауыртпай алып тастаңызшы мына жазбаңызды. Көзіме жас үйірілді», – деп пікір қалдырды олар.
Қыздың анасы болса, балаларымен бірге енесінің үйінде тұрып жатқанын, әкелерінің анда-санда бір келіп тұратынын айтқан.
Дереккөз: sn.kz