jasqazaq.kz

Әкесі мен баласы «сұлу қызға» таласып қалды

05 маусым 2018, 14:46

Мынадай бір мысал әңгіме естігенмін. Бірде бір бозбала үйленуге ниет етіп, әкесінің рұқсатын алмақ болып оған асқан сұлу қалыңдығын ертіп келіпті. Әкесі қызды көріп, біраз үндемей қалыпты. Сосын: «Балам, мына қызға сен ие бола алмай қалатын сияқтысың. Одан да мұны маған бер, мен ала­йын», – дейді. Баласы бұған ке­ліспейді. Әкесі де қызды алмай тынғысы келмейді. Екеуі ары-бері тартысып, болмаған соң әділдік іздеп қазыға келеді.

Мәселенің мән-жайын тыңдап отырған қазы қыздан көзін ала алмай, оған тесіліп қарай береді. Сонан соң: «Мынандай қызды қолында билігі бар мемлекеттік қызметкер алмаса, сендер бұдан айырылып қаласыңдар. Байғұс қызға обал болатын түрі бар. Бұл қыз сендерден гөрі маған лайығырақ екен, мен алайын», – деп жата жабысады. Әкелі-балалы мұндай ұсынысқа келіспейтінін айтып, екі жақтап айқайға басады.

Содан үшеуі қызды үш жақтан тартқылап, уәзірден әділдік іздеп келеді. Оларды мұқият тыңдаған уәзір де қызды көргісі келеді. Көрген бетте оның да есі ауып қалады. Дауласқан адамдардың бәрін қуып шығып, қызбен оңаша сөйлесіп көреді. Қыз да қарсы емес екенін білдіреді. Бірақ қызды иеленіп қалғандар олжадан оңай айырылмайтынын айтып, уәзірді патшаға қарай сүйрелейді.

Қызды көрген патшаның да басы шыр айналады. Ол да қызды бірнеше күнге алып қалатынын, мәселені асықпай шешетінін айтады. Оған қалғандары келіспейді. Дау қайта жалғасады. Соның бәрін тыңдап отырған ару ақыры төрелігін өзі айтады.

«Жігіттер, босқа даурықпайық. Одан да ең дұрысы, мен қашайын, сіздер қуыңыздар. Кім бірінші жетсе, мені сол алсын», – дейді ару. Басқалар амалсыз осы тоқтамға келіседі.

Сонымен қыз жүгіре жөнеледі де, бес еркек тұра қуады. Қыз көйлегі көлбеңдеп, табаны жерге тимей зулайды. Ынтызары оянған, делебесі әбден қозған ер-азаматтар тілі салақтап, өкпесін қолына алып, «бақыттарын» балақ түре қуа береді.

Бір кезде алдарынан терең ор шығады. Қыз секіріп өтіп кетеді. Қалғандарының бәрі сол орға құлайды. Бірде-бірі шыға алмайтын болып, ордың түбінде қалады. Қыз айналып ордың жиегіне жақындап келеді де: «Сендер мені таныдыңдар ма? Мен – қу дүниемін ғой. Мені адамдардың бәрі иеленгісі келеді. Бірақ мені ешкім қуып жеткен емес. Сонда да адамдар қайта шыға алмайтын тар, терең шұңқыр­ға құлағанша артымнан жүгірулерін қоймайды», – деп, бұрылып жөніне кете барыпты.

zamana.kz

Бүгін, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр