Жақында ғана әнші, актер Дидар Кәденмен ажырасып кеткен актриса Айым Алтынбекова жеке өміріндегі жағдайлардан сабақ алған. Актриса жаныңызға батса да керек уақытында бас тарта білу керектігін айтады.
«Тәндегі жабыстырғышты (пластырь) алу оңай емес. Бірақ бұл жараны жаңасымен таңу үшін немесе жараның толықтай жазылуы үшін қажет. Бірден жұлып алсаңыз бірнеше секунд қатты ауырады. Немесе баяу жұлуыңызға да болады. Бірақ бұл бірден жұлып алғаннан да қатты ауырады. Дегенмен жара өзі жазылуы керек. Қажет емес жабыстырғыштарды алып тастаңыздар. Ауырса да бұл жақсылыққа қарай жетелейді»-деп жазған желідегі парақшасына.
Желі қолданушылары болса Айымның ажырасқаны үшін айыпты емес екенін айтып, алдағы өміріне сәттілік тілеп жатыр.
Дереккөз: Reactor