Аталған дау “Айша бибі” кесенесіне кіру ақылы болғаны үшін шыққан. Инстраграм әлеуметтік желісіндегі бейнежазбадағы әйел адамның айтуынша, кесене әкімшілігі кіру ақысын 200 теңге қылған.
“Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдаймын. Мен осы елдің азаматы бола тұра, неге өзіміздің киелі жерімізге тегін кіре алмаймын”, – делінген бейнежазбада.
Аталған бейнежазбаға пікір қалдырушылар өз ойларын ортаға салды.
“Бір айдан соң 500 теңге болады, сосын 1000 теңге сосын ешкім бармайтын болады,сосын тегін болады.
Бұл 200 теңге туристерге біздікілер алып жатыр. Өзбекстандада солай, бірак өз халқына тегін, туристерге ақылы”.