jasqazaq.kz

Айнұр Тұрсынбаева: Ененің сағын сындырған, келіннің бағы жана ма?

13 қараша 2023, 14:24

Танымал айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева енелерін жамандайтын келіндерге ақыл айтты. Ол әлеуметтік желідегі тікелей эфирде оқырмандарымен ене мен келін арасындағы қарым-қатынас туралы әңгіме өрбітті. Қыз-келіншектердің басым көпшілігі енелерін жамандап кеткеніне шыдамаған айтыскер ақын терме орындап берді.
“Қарамай кетсең анаға,
Қаларсың босқа табаға.
Әкенің көңілін қалдырған,
Баланың жолы бола ма?!
Ененің сағын сындырған,
Келіннің бағы жана ма?!
Келінді кейін сорлатар
Ішінен шыққан бала да”, – термеден үзінді орындады.
Айтыскер ақынның айтуынша, қазақтың халық ауыз әдебиетінің кез келгенінен психологиялық кеңес табуға болады.
“Бұл терме де инсайтқа толып тұр. Ене де – ана. Біз бүгінгі өмірді ғана айтамыз. Болашағымыз қандай тосынсый дайындап тұрғанын білмейміз. Дәл қазір көп келіншек енелерін жамандап отыр. Ертең өздері қандай ене болады, қандай келін алады, сол туралы ойламайды. Жастық шағың көзді ашып-жұмғанша өте шығады. Келін немереңнің тырнағына да зар қылып қоймауына кім кепіл? Сол кезде тырнақ тістеп, опық жеп қалмаңдар! Ол уақытта ештеңені өзгерте алмайсың. Сыйлайын десең ене өліп қалған, бала қатынымен кетіп қалған, екі ортада тентіреп өзің қаласың. Сондықтан, үлкенді сыйлау – психологияның атасы”, – деп сөзін аяқтады.

JQ-Aqparat

24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
24 маусым, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
24 маусым, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
24 маусым, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
24 маусым, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды