jasqazaq.kz

«АЙКА» фильмі Канн фестивалінің негізгі байқауында

14 мамыр 2018, 19:03

 

 

71-ші Канн халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қазақстандық кинематографистер тер төккен «АЙКА» фильмі де енді. Онда басты рөлді актриса Самал ЕСЛЯМОВА сомдап, Гүлнәр СӘРСЕНОВА продюсерлік еттті. Режиссері – Қазқстанның тумасы Сергей ДВОРЦЕВОЙ.

«Айка» әлеуметтік драмасы – бес ел: Ресей, Қазақстан, Германия, Польша мен Қытай атсалысқан киноөнім. Фильмді түсіру жұмыстары алты жылға созылды. Мұны режиссердің өзі былайша түсіндіреді:

 «Әрбір картинаның өз уақыты бар. Мен осылай жұмыс жасаймын. Қатарынан басқа да дүниелер түсіруге ұсыныстар түскеніне қарамастан, бір ғана фильммен айналысамын. Бәрінен бас тартамын, себебі «Айканы» жарыққа шығаруым керек».

Картина Канн кинофестивалінің басты байқауына іріктеушілер әлі дайын емес фильмнің бастапқы қырық минутын көргеннен кейін енгізілді. «Айканың» сценарийшісі Геннадий ОСТРАВСКИЙДІҢ айтуынша, «картинаның әлі дайын емес күйінде Канн кинофестивалі байқауына қатысуы көп дүниені аңғартады. Мұндай бұрын-соңды болды ма, болмады ма білмеймін».

Тағы бір құпияны ашайық – фильм әлі өңделу үстінде. Оны Канн кинофестиваліне 17 мамыр кешке жеткізеді. Ал фестивальдің өзі 19 мамыр аяқталады. Журналистердің айтуынша, мұндай қауіпке ұйымдастырушылар жиі бас тіге бермейді, соған қарағанда татымды дүние секілді.

«Айканы» түсіруге Eurasia Film Production кинокомпаниясының негізін қалаушы, «Оскар» америкалық киноакадемиясының сыйлығына номинант, Азиялық киноның «Жыл адамы», танымал қазақстандық продюсер Гүлнәр СӘРСЕНОВА қатысты. Бұл оның Сергей Дворцевоймен бірлескен алғашқы жобасы емес. Ол Сергейдің 2008 жылғы Канн кинофестивалінде «Ерекше көзқарас» бағдарламасында бас жүлдені, Австралияда Азиялық «Оскарды» және әлемнің көптеген кинофестивальдерінде 20-дан астам жүлдені жеңіп алған «Тюльпан» фильміне продюсерлік еткен болатын.

«Айканың» сюжеті – Қырғызстаннан Мәскеуге заңсыз жұмыс істеу үшін келген жас қыз, оның ішкі адами өсуі, ана атануы туралы хикая. Басты рөлді Самал Еслямова сомдады.

Самалдың туған жері – Солтүстік Қазақстан облысы. Петропавл өнер колледжін тәмамдаған ол ГИТИС-ке (Ресей театр өнері институты) оқуға түседі. Сергей Дворцевойдың туындыларына екінші рет түсіп отыр: «Тюльпанда» басты рөлдердің бірін ойнаған болатын.

Биылғы Канн кинофестивалінде Самал ЕСЛЯМОВА «ҮЗДІК АКТРИСА» аталымына ұсынылды. Бұл – қазіргі қазақстандық кинематографтың тарихында бұрын-соңды болмаған жайт.

Гүлнәр СӘРСЕНОВА:

«Әлемнің ең беделді кинофестивалінің негізгі байқауына ену – бұл еліміз үшін үлкен жетістік. Мен біздің қазақстандық киноның тарихында алғаш рет дарынды әрі таңғажайып Самал Еслямова Канн фестивалінің «Үздік актрисасы» атанғанын қалаймын».

Eurasia Film Production кинокомпаниясы дайындады

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен