jasqazaq.kz

Әйелін өлтіру үшін несие алмақ болған

11 наурыз 2018, 19:11

Ленинград облысында ер адам әйелін өлтіру үшін банктен несие алған, деп хабарлады Lenta.ru порталы «Российская газета» басылымына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, ер адам киллерге аванс төлеу үшін қаржы ұйымынан 40 мың рубль алған.

Ақшаны алудағы мақсат деген жерге өзіме қажет деп толтырыпты. «Тергеу комитеті облыстық басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 9 наурызда сот ер адамды бес жылға қамап, екі жылға бас бостандығына шектеу қойды. Ол кісі өлтіруге дайындалған деп айыпталды», — делінген жарияланымда. Айта кетейік, Санкт-Петербург қаласының 22 жастағы тұрғыны әйелін 2017 жылы жазда өлтірмекші болған. Ол киллер іздеп, танысына айтқан, ол мұны полицияға хабарлапты. Ақыры киллердің ролінде полицей болып, жігіт ұсталды. «Ер адам «киллермен» кездесіп, оған екі пышақ пен әйелінің суретін және мекенжайды берген. Қылмыстың орындалғанына көзі жету үшін әйелдің жеке заттарын талап етіпті. Ер адам аванс беруге келгенде ұсталды», — делінген жарияланымда. Кейін ер адамның бұл қылмысқа не үшін барғысы келгені анықталды, ол әйелін жақтырмаған және кішкентай қызын өзі ғана қамқорлыққа алғысы келіпті. Басылымның мәліметінше, ерлі-зайыптының мінездері жараспай, үйлену тойынан біраз уақыт өткенде ажырасып кеткен.

tengrinews.kz

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен