jasqazaq.kz

Әйелдерге «қызмет» көрсететін жігіттер туралы не білеміз?

06 ақпан 2018, 10:28

Қазақстанда бұрыннан-ақ сағаттық жігіт қызметі дамыған. Оларды электр сымдарын жөндеу үшін, сантехникалық мәселелер бойынша шақыртатын. Ал қазір жалғызбасты әйелдер басқа да түрлі мақсатта «күйеужігіттерді» жалдайды деп жазады NUR.KZ.

Еліміздегі хабарландыру сайттарында сағаттық «күйеужігіт» немесе «ер азамат көмегі» бойынша жарнамалар толып жатыр. «Жуан қолды» жігіттер кез-келген істі тындырып, құбырды жөндеп, электр сымдарын ретке келтіріп беруге дайын.

Алайда хабарландыру ішінде жалғызсыраған әйелдерге өздерін, яғни бір сағатқа тәнін ұсынатын азаматтар да бар екен.

Мәселен мына қызық хабарландыруда астаналық жігіт өзінің бір сағатын 5000 теңгеге бағалапты. Оған бонус ретінде клиентіне массаж жасап беруге дайын көрінеді. Үсен тіпті өзінің суретін де жүктеп қойыпты.

Тағы бір екіойлы азамат — Ақтөбенің Макс есімді тұрғыны екен. Ол біреуге сағаттық күйеу болып беру қызметін «сапалы әрі қолжетімді» атқаратынын жазған.

Тағы бір ақтөбелік «сері» өзін сағатқа немесе бір түнге жалдауға болатынын жазыпты. Түсінікті болу үшін, тіпті, әдемі жұптың суретін де салып қойған.

Редакциядан осындай қызмет иелерінің біріне хабарласып көргенімізде, олар бейсенбі күнге дейін бос орын жоқ екенін айтты.

Осылайша, «сағаттық күйеужігіттерге» сұраныс жоғары екені дәлелденді. Сондай-ақ, олар шын мәнінде қызметін сағатпен көресетеді екен.

Бүгін, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады