jasqazaq.kz

«Әйел еркек болып кеткен»: Жанар Айжанова азаматтардың басқа әйелге не себепті кететінін айтты

23 ақпан 2022, 16:52

Жанар Айжанова үй шаруасындағы ер мен әйелдің рөлі, отбасындағы міндеттері жайлы сөз етті. Әнші ер азаматтардың өзге әйелге кету себебі, отбасындағы масылдығы, әйел мен күйеудің қателіктері жайлы баяндады.

Бұл туралы “Түнгі хабар” бағдарламасында айтылды.

Жанар Айжанова қазіргі отбасындағы ер мен әйелдің рөліне тоқталды. Әсіресе әйелге ұқсас ер азаматтардың көптігін, ерлердің майдаланып кеткені шымбайына батты.

“Мен бала күнімде ер азамат секілді өстім. Үнемі әкемнің қасында жүрдім. Үй шаруасына емес, даланың жұмысына араластым. Әкем ұл болсаң, атыңды “Жанарбек” деп қояр едім дейтін. Әкемнің қасында ұл секілді өстім. Мал қараймын, мал санаймын, қора тазалаймын, су әкелемін. Даланың жұмысын атқарамын. Жылына бір рет бәйгеге шауып, кілем ұтып әкелемін. Жасөспірім кезіме дейін әкеммен аңшылыққа шығып, мылтық атып үйрендім. Содан кейін бе, кейбір еркектерге қарным ашады. Қалаға келгенде мал соя алмайтын, пышақ қайра алмайтын, жілік танымайтын, мал танымайтын еркектерді көріп таңғалдым. Бұл деген жақсы емес. Бәрін үйрену керек. Қазір бәріне жағдай жасаған. Ер азамат өз міндеттерін білу керек”, – деді әнші.

Айжанова кей ер азаматтардың әйелдің тапқан ақшасына жан бағып, масыл болып отырғанын айтады.

“Егер әйелдің мұқтажын өтемесе, мал таппаса, қолынан ешнәрсе келмесе, әйелдің бір жағына шықпаса, ондай еркек ер емес. Ол шариғатта да харам саналады. Әйелі баласында, сөмкесін де көтеріп кетіп бара жатады. Еркегі қарап тұрады. Егер көтеріссе, оны “подкаблук” дейді. Ал көмектеспеу арсыздық емес пе? Ол сенің балаң, сенің әйелің, сенің шаңырағың. Не үшін көмектеспеске? Егер әйелдің қолы тимей жатса, баланың жөргекқабын ауыстыру қатындыққа жатпайды. Ер мен әйел санасқан жерде ешнәрсе шықпайды. Егер бір-бірімізге көмектесуіміз керек деп ойласа, санасау болмайды”, – деді Айжанова.

16 маусым, 14:52
Түркістан: Шаньдун провинциясымен ынтымақтастық өңір экономикасына серпін береді
13 маусым, 13:49
Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында
13 маусым, 11:59
«KitapХАН». Түркістандағы өрендерді рухани құндылыққа баулитын жоба
12 маусым, 14:57
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
12 маусым, 14:46
Түркістан: Арыста биыл 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
12 маусым, 14:04
Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөздер жүргізілді
11 маусым, 12:59
Түркістан: Әлеуметтік дамудағы қарышты қадамдар
11 маусым, 12:57
Түркістан: Отырар мен Созақ аудандарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды
10 маусым, 18:22
Айдын Сайлаубай: «Жайлы мектеп» – баланың болашағына салынған инвестиция