jasqazaq.kz

Әйел бір күнде баласы мен келінінен айырылды

04 маусым 2018, 9:49

Алматы облысында күні кеше 19 жастағы келіншектің менингиттен қайтыс болғанын айтқан болатынбыз. Сондай-ақ, Аида есімді әйелдің бес жасар ұлы да осы дерттен қаза тапқан болатын. Екі жақынынан санаулы сағаттарда айырылып қалған әйел жанайқайын жеткізді.
NUR.KZ. хабарлағандай, Аида баласы қиналған сәтте Талғар аудандық ауруханасына хабарласа алмаған. Ол баласын қалалық ауруханаға өзі алып келіпті.   Оның айтуынша, ауруханада кезек өте көп болғаны сонша, 30 минут ішінде 10 шақты бала жеткізілген.

Тексеру барысында Аиданың бес жасар ұлынан менингит дерті анықталып, жансақтау бөліміне жатқызылады. Дәрігерлер қолдан келгенін жасағанымен, балақай дертінен көз жұмған.
Келінінің де дәл баласы секілді ауырып жатқанын білген Аида дереу ата-анасына хабарласып, оны ауруханаға жеткізу керектігін айтады. Бірақ 19 жастағы келінді ол уақытта ауруханаға жатқызып үлгерген екен.   Дәрігерлер науқастарды Қаскелеңнің ауруханасына алып баруға бұйрық берілгенін айтып, 19 жастағы келіншекті Талғардан Қаскелеңге алып барған. Алайда ол да осы ауруханада көз жұмады.

Санаулы сағаттарда екі жақынынан бірдей айырылған әйел енді денсаулық сақтау министрлігіне шағымданбақ.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді