jasqazaq.kz

Air Astana Embraer 190-E2 әуе кемесінде премиум эконом-класты ұсынады

18 қараша 2020, 12:00

Airbus A320neo

Әуе компаниясы Embraer 190-E2 ұшақтарымен орындалатын барлық рейстерге жаңа премиум эконом-класты енгізді. Премиум эконом-класс бірінші 3 қатарды 1-ден 12-ші орынға дейін алады.

Бизнес-класты алмастырған премиум эконом-класс жолаушыларға бизнес-класстағыдай жоғары деңгейдегі жайлылық пен сервисті ұсынады. Сонымен қатар, тарифтер бизнес-класс бағаларына қарағанда 35% -ға дейін төмен болады. Жаңа өнім әзірше Нұр-Сұлтаннан Шымкент, Атырау, Ақтөбе және Өскемен қалаларына, және Алматыдан Қызылордаға орындалатын рейстерде енгізіледі. Премиум эконом-класқа билеттер 23 қарашада басталатын рейстерге 16 қарашадан бері сатылып жатыр.

Air Astana-ның сату жөніндегі директоры Ислам Секербеков: «Біз әрдайым жолаушылар пікіріне назар аударамыз, өйткені олар біздің қызметімізді жақсартады. Көптеген өтініштерге байланысты бізде жайлылық пен уақыт үнемдеуді бағалайтын адамдарға арналған жаңа өнім пайда болды. Премиум эконом-класс жолаушылары бизнес-класс қызметі мен артықшылықтарын қол жетімді тарифтер бойынша пайдалана алады».

Жаңа кластың артықтшылықтары төмендегідей:

— рейске басым тіркелу, отырғызу және түсіру;

— жолжүктің ұлғайтылған мөлшері 2 орынға 32 кг-нан;

— «Нұр-Сұлтан» әуежайындағы «Шаңырақ» бизнес-лаунжына кіру;

— бизнес-кластың күту залдарына кіру;

— премиум-класс тамағы және сусындардың кең таңдауы;

— әр рейсте бонустық ұпайлардың еселенуі;

— бизнес-кластың жол жиынтығы.

15 мамыр, 12:25
Бибігүл Дандығараева: Ұлттық құрылтай – елдің даму бағдары
14 мамыр, 16:42
Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)
14 мамыр, 16:16
Түркістан: егістік сусыз қалмайды
14 мамыр, 15:14
Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді
14 мамыр, 15:02
Түркістан: 41 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
14 мамыр, 14:50
Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды
06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі